«Росатом» Ирандағы АЭС-тегі жұмысын тоқтатты
МӘСКЕУ. KAZINFORM – «Росатом» корпорациясының басшысы Алексей Лихачев Ирандағы «Бушер» АЭС-інің жаңа энергоблоктарының құрылысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, алайда бұл жоба компания үшін негізгі бағыттардың бірі болып қала береді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Лихачевтың айтуынша, әскери іс-қимылдарға байланысты жағдайдың қалай өрбитінін болжау қиын. Корпорация станциямен сағат сайын байланыс ұстап отыр. Ұжымдағы ахуал тыныш және бақылауда. Қазіргі уақытта Ресей Иранның атом саласы басшылығымен байланыса алмай отыр, байланыс үзілген.
АЭС аумағында 639 адам бар. Қызметкерлердің бір бөлігі Тегеранда орналасқан, олар соққы арасындағы үзіліс кезінде елден кезең-кезеңімен кетіп жатыр.
БАҚ мәліметінше, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы құрылысын жүргізіп жатқан «Бушер» АЭС-і орналасқан Иранның Бушир қаласы да шабуылға ұшыраған.
Бұған дейін дипломаттар Қазақстан Республикасының 50 азаматын Ираннан Түрікменстан және Армения арқылы шығарып әкеткені хабарланған болатын.