«Росатом» бас директоры Алексей Лихачевтің айтуынша, Ирандағы «Бушер» атом электр станциясына алғашқы бес инженерлік-техникалық қызметкер келді. Осылайша, нысандағы ресейлік мамандардың жалпы саны 25 адамға жетті.
– Біз алдағы екі апта ішінде тағы бірнеше ондаған қызметкерден тұратын топты жіберуді жоспарлап отырмыз. Әрине, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс одан әрі ушығып кетпесе, – деді Лихачев.
Оның айтуынша, корпорация күзде жоба бойынша қызметкерлер санын 100-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр.
— Әрине, біз бұрын ислам республикасынан эвакуацияланған барлық маманды мүмкіндігінше тезірек қайтаруды жоспарлап отырмыз. Алаңда № 2 және № 3 энергоблоктардың негізгі және қосалқы ғимараттарының құрылысы жалғасып жатыр, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарда дайындық жұмыстары басталды, — деп атап өтті ресейлік мемлекеттік корпорацияның бас директоры.
Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.
Еске салайық, наурыз айында «Росатом» Ирандағы АЭС-тегі жұмысын тоқтатты.