Rosetta аппараты кометаға соғылуға бет алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Rosetta ғарыш аппараты Чурюмова-Герасименко кометасына бет алды, онымен соқтығысу12 жылға созылған миссияны аяқтайды. Rosetta комета орбитасына шығып, оның соңынан 6 млрд шақырым бірге болған алғашқы аппарат, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Кометамен соқтығысу 30 қыркүйек күні күндізгі уақытта болуы тиіс, деп хабарлады Еуропа ғарыш агенттігі. Rosetta өте аз жылдамдықпен құлайды, алайдда соққыға төтеп беруі екіталай.

Аппарат екі жылдан бері Чурюмова-Герасименко кометасының орбитасында жүр.

Комета Күн жүйесі шекарасының шегіне жақындағандықтан, Еуропа ғарыш агенттігі миссияны аяқтауды ұйғарды. Ғарыш аппараты күн батареясымен жұмыс істейді және жарықтан алыстап кеткендіктен қажетті энергияны жинай алмайды.