АСТАНА. KAZINFORM – Дмитрий Баканов «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры болды, деп хабарлайды kremlin.ru.
Дмитрий Баканов бұған дейін РФ Көлік министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Бұған дейін «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры болған Юрий Борисов қызметінен босатылды.
Тиісті жарлыққа РФ президенті Владимир Путин қол қойды.
Роскосмос түнгі Астананың фотосын жариялағанын жазған болатынбыз.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.