«Біз ресейлік «Роснефть», италиялық Eni, қытайлық CNPC компанияларының өкілдерімен кездесу өткіздік. Олар 15 шақырым тереңдіктегі ұңғыманы бұрғылау бойынша «Еуразия» жобасын жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді. Әрине, бұл жобаға «ҚазМұнайГаз» да қатысады.
Ұңғыманы Қазақстан аумағындағы Каспий маңы ойпатында бұрғылау жоспарлануда. Қазір қол қою үшін меморандум әзірленіп жатыр. Әзербайжанның SOCAR ұлттық мұнай компаниясы да қызығушылық танытты», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамдастығының президенті Балтабек Қуандықов.
Еске сала кетейік, Қазақстанда «Еуразия» жобасын жүзеге асыру үшін «ҚазМұнайГазЕуразия» компаниясы құрылған болатын.