Сергиев Посадта рота командирінің орынбасарынан 13 «Кольт» тапаншасы мен 8 мың оқ-дәрі табылды.
«Капитан Александр Братишконы полицейлер құрықтады, ал көлігінен 13 «Кольт» тапаншасы табылды. Пәтерін тінту кезінде одан мылтық пен бытыра алынды. Сонымен қатар полицейлер қапқа салынған 8 мың дана оқты тәркіледі», - деп жазады сайт.
Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өз кезегінде капитан бұл қаруларды тек өзіне коллекция үшін жинағанын айтуда.