Роттердамға жақын маңда үш пойыз соқтығысып қалды

АСТАНА.    Қыркүйектің   25-і. ҚазАқпарат -  Нидерландыда,  Роттердам қаласының маңында    бір жолаушылар   және  екі  жүк пойыздары   соқтығысып  қалды.  Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті,

деп хабарлайды  ВВС агенттігі.

Зардап шеккендердің нақты саны   белгісіз, бірақ  та  жергілікті полицияның    ақпаратына сүйенсек,    Нидерланды мен Бельгияның арасына қатынайтын     пойыздағы  150 жолаушының  ешқайсысы    қатты  зардап шекпеген. Тек  жүк  пойыздарының бірінің  машинисі   кабинада қысылып қалған.

Оқиғаның себебі  әзірге белгісіз.     Қазір теміржол тармағындағы қозғалыс    толық   қалпына келтірілді,   апат орнында полиция мен құтқарушылар   жұмыс істеуде.