Оған қоса, ол Америкалық NBC телеарнасына берген сұхбатында Батыспен уран байыту жөніндегі Иран бағдарламасы бойынша келіссөздер жүргізуге толық құзыреті бар екенін айтты.
Роухани жақында АҚШ Президенті Барак Обама жолдаған хаттың «жағымды және конструктивті» екендігін де қоса айтты.
Бұған дейін Иранда 11 саяси тұтқынның еркіндікке шыққаны туралы мәлімет жарияланған болатын. Барлық саяси тұтқындарды босату - Роуханидің сайлау алдында берген уәделерінің бірі.
Би-Би-Си-дің Ирандағы тілшісі Джеймс Рейнольдс Роуханидің ірі америкалық ақпарат құралына сұхбат беру жөніндегі шешімі ол үшін Вашингтон басшылығымен қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді, деп хабарлады.