Роза Бағланова — соғыс жылдарында майдан даласында өнер көрсеткен жалғыз қазақ қызы

Фото: Фото: Мұрағат/Kazinform, Э.Евзерихин

АСТАНА. KAZINFORM – Роза Бағланова — жеңіске жетелеген үміт үні. Ол — соғыс жылдарында майдан даласында өнер көрсеткен жалғыз қазақ қызы.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, Ұлы Отан соғысы кезінде Роза Бағланова сарбаздардың рухын көтеріп қана қоймай, жаралы жауынгерлерге көмектесіп, ерлік көрсетті. Бағланова ғана екі мәрте «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Әншіге маршал Рокоссовский медаль табыстаған. Әншінің майдандағы репертуарында 20 тілде орындалған 500-ге жуық ән болды, ол мыңнан астам әскери концертке қатысты.

Роза Бағланованың бағын ашқан ән — Лидия Русланованың репертуарындағы «Ах, Самара-городок».

Бұл әнді Роза Бағланова жас кезінде орындап, өзі үлгі тұтқан Русланованың жоғары бағасын алған. 1945 жылғы 9 мамырда ол Берлиндегі Жеңіс концертінде өнер көрсетті.

Роза Бағланова — «Халық Қаһарманы» атағын алған жалғыз әртіс.

Айта кетейік, Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалистер байқауының жеңімпаздары марапатталды.