Облыс әкімдігінде «Абай облысының Құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімі өтті. Осы атаққа лайық деп танылғандардың ішінде әнші Роза Рымбаева да бар.
- Өңірдің ең жоғары наградасын осымен екінші мәрте табыстап жатырмыз. Бұл – елге адал қызмет етіп, құрметке бөленген, халықтың алғысы мен батасын алған жерлестерімізге арналған мәртебелі атақ. Марапат иелерінің әрқайсысы, өңірге, елге танымал, - деді Абай облыс әкімінің әкімі Нұрлан Ұранхаев.
«Абай облысының Құрметті азаматы» атағын алғандар:
- Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР еңбек сіңірген артисі Роза Рымбаева;
- ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков;
- Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арап Еспенбетов;
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Александр Милютин;
- «Зайтенов» шаруа қожалығының басшысы Ерлан Зайтеновке берілді.
«Абай облысының Құрметті азаматы» медаліндегі айрықша белгінің өз мағынасы бар. Ондағы ақ түс тазалықты, әділдікті және шексіздікті көрсетеді.
- Көк - бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың символы. Алтын түс байлық пен ұлылықты білдіреді. Белгінің ортасында жеті қырымен қоршалған Абай облысының контуры бейнеленген, олардың әрқайсысы оның дамуының негізгі бағыттарын: мәдениет, өнер, білім, ғылым, өндіріс, инновация және басқа да салаларды бейнелейді, - деп хабарлады өңір әкімдігінен.
Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлына ескерткіш қойылғаны хабарланған.