Роза Рымбаева Бішкекте концерт береді

БІШКЕК.  Қазанның  22-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ -  Кеңес    Одағынан бері өз өнерімен   жұртшылықтың   жоғары бағасына  ие  болып  келе жатқан, елге танымал  Қазақстан эстрадасының  жұлдызы Роза Рымбаева  бүгін Бішкекте концерт береді.

  Әншінің концерті   оның Орталық  Азия елдеріне     жасалып жатқан  мерейтойлық турының аясында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша,  екі сағатқа созылатын концерттің      барысында әнші  оннан  астам тілде   ән  шырқайды,  оның ішінде орыс және қырғыз  әндері  де  болады.      Розаны    бұрынғы КСРО   республикаларына   кеңінен танытқан      кеңес дәуірінің әндері    де орындалады деп күтілуде.