«Сазген Сазы» оркестрі мен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері А.Аблаев жетекшілік ететін «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Достастық елдері әртістері мен шығармашылық ұжымдары орындайтын жан тебірентер әндер шырқалады.
Кеш қонақтары Молдова Республикасының халық әртісі Константин Москович, қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, «МузАрт», «Бәйтерек» топтары, Беларусьтың «Камерата» ансамблі, Омбы қаласынан келген орыстың халық хоры, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген халықаралық байқаулардың лауреаттары, және басқа орындаушылар болады.