Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева астананың бірегей екенін айтып, ерекшелігіне тоқталды.
«Барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын. Жыл сайын біз еліміздің жетістігін атап өтеміз. Бүгінде Нұр-Сұлтан әсем үйлері мен саябақтары бар әдемі қала. Бұл заманауи, бірегей, дамыған мегаполистің үлгісі. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы бізге жаңа өмір сыйлады. Жаңа қала, жаңа құрылыстар, даңғылдар, Қазақстанның өткенін артта қалдырды. Нұр-Сұлтан тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды», — деді әнші.
Роза Рымбаева Қазақстанның әрбір қаласына Нұр-Сұлтандай дамуын тіледі.