Роза Рымбаева шығармашылық кешін 8 наурыз мерекесіне арнайды

None
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - 8 наурыз күні елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Рымбаеваның Халықаралық әйелдер күніне арналған концерті өтеді.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, әнші көктемгі алғашқы концертін ананың махаббатына арнады. Көпшілікті ол «Жан анам» атты жаңа әндер бағдарламасымен қуантпақшы.

Роза Рымбаева сахнаға бұл жолы ұлы Әли Оқаповпен бірге шығады. Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға Қазақстан эстрадасының жас «жұлдыздары», «X-factor Kazakhstan» байқауының жас орындаушылары қатысады.

Астана қаласы Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, әнші жеке орындауындағы әндермен қатар, концертке қатысушылармен бірге де ән шырқайды. Сондай-ақ, рояльдің сүйемелдеуімен де бірнеше ән орындайды.