Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов продюсер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал әнші Әли Оқапов продюсерлік ететін болды, деп хабарлайды art.gazeta.kz

Әйгілі қазақ әншісі Роза Рымбаеваның ұлы Ерлан Әлімовпен бірге «Қазақстан дауысы» шоуының қатысушысы, жас әнші Роза Мұқатаеваға продюсерлік ететін болды.

Хабарланғанындай, жас әртіс танымал музыкалық жобадан кейін жеке шығармашылықпен айналысуды шешкен.

Музыка сыншылары мен жанкүйерлер Әли Оқапов пен Роза Мұқатаеваның бірлескен жұмысынан қызықты шығармаларды күтеді.

Әли Оқапов қазақстандықтарға орындаушы ретінде ғана емес, өз композицияларының авторы ретінде де белгілі. Роза Мұқатаева болса, «Х Фактор» мен «Қазақстан дауысы» музыкалық жобаларына қатысқаннан кейін есімі елге таныла бастады.