«Пойыздарды алып тастау туралы шешім 2014-2015 жылдарға арналған қозғалыс кестесіне түзету ауқымында қабылданды және бұл бағыттар бойынша тасымалдардың төмен рентабельділігімен байланысты», деді РТЖ өкілі.
Оның айтуынша, егер бұрын жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесі жазғы уақытта енгізілген болса, енді желтоқсанда түзіледі. Сөйтіп, пойыздарды алып тастау кемінде бір жылға қабылданды.
«Алайда кесте желісі қалады, яғни, қажеттігіне қарай пойыздар шығарылады», - деп атап көрсетті агенттік сұхбаттасушысы.
Ол пойыздарды алып тастау жөніндегі шешім Беларусь, Өзбекстан, Молдова және Абхазия бағыттарындағы қатынастар тасымалдарына қатысты емес екенін нақтылады.