Руанда астанасында үшінші рет «көліксіз күн» өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 тамызда Руанда астанасы Кигалиде үшінші мәрте «көліксіз» күн өтті. Сағат 7.00-ден 12.00-ге дейін көшелердің басым бөлігі автомобиль қозғалысы үшін жабылды, деп жазды Quarz.

«Бұл шара қала тұрғындарының өзара араласуына, спортпен айналысуға, инфекциялық емес аурулардан медициналық тексеруден өтуге себепші болады», - деп хабарлады астана мэриясының баспасөз қызметі. Тест   Амахоро стадионында өтті.

«Автомобильсіз күн» - қалалық кеңістікті оңтайландыру, атмосфераның ластануын азайтуға бағытталған дүниежүзілік акция. Жыл сайын акция 22 қыркүйекте өтеді, әр қалалар мен елдерде өз белгілеген күндері бар. Руанда билігі Африканың ең экологиялық қаласы атану үшін мұндай акцияны айына бір рет өткізуге уәде берді.