«Руанда: айтылмаған тарих» бағдарламасында 20 жыл бұрынғы трагедиялық оқиға туралы әртүрлі көзқарастағы адамдардың пікірлері, соның ішінде қазіргі биліктің қарсылығын тудыратын ой-тұжырымдар айтылған.
Руанда Парламенті депутаттары, телеарнаның тарауын тоқтатып қана қоймай, фильмді түсіруге көмектескен репортерлар мен продюсерді сотқа бермек.
Ел астанасы Кигали қаласындағы Би-би-си бюросының алдында 150 адам митинг өтті.
Қоғамдық жиынға қатысушылар корпорацияның директоры Тони Холлға ашық хат жолдап, фильмді түсірушілер геноцид құрбандарын қорлағанын және тарихты бұрмалағанын айтты.