Сондай-ақ Вашингтон Мәскеуге «Иран қолдаған хуситтерге қарсы ұстау» операциясы туралы хабарлады.
Бұған жауап ретінде Сергей Лавров «Барлық тараптың күш қолдануын дереу тоқтату қажеттігін, олардың саяси диалогқа түсуінің маңыздылығын» атап өтті». Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде хабарланды.
Сонымен қатар олар әңгіменің америкалық тараптың бастамасымен өткенін баса айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамптың АҚШ әскеріне йемендік көтерілісші хуситтерге қарсы әрекетті бастауды тапсырғанын хабарлаған едік.