Бүгін Рудный қаласында Ленин көшесіндегі бір қабатты жеке ғимаратта орналасқан дәмханалардың бірінде өрт шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, дәмхананың шатыры жана бастаған.
— Өрт туралы хабарлама шұғыл қызметтерге түсіп, содан кейін оқиға орнына жедел өрт сөндіру жасақтары жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, — делінген хабарламада.
Осыған дейін кеше Алматыда қойма өртенгенін жазған едік.