Рудный кенішінде жұмысшы жарақат алды

Фото: Дарья Аверченко/Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM - Рудныйдағы «Соколов-Сарбай тау-кен өндіру өндірістік бірлестігі» АҚ-ның Соколовская шахтасында апат болды. Жару жұмыстары кезінде бір қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Компанияның хабарлауынша, шахтадан көлемді кен шығару кезінде жарылғыш зат қолданылып, жұмысшы жарақат алған.

Жарақат алған жұмысшы қалалық ауруханада медициналық көмек алып жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Маңғыстауда 20 жастағы жұмысшы лифт шахтасына құлап, қайтыс болған.