Рудныйда 11 жер үй мен көпқабатты тұрғын үйлердегі 720 пәтер газсыз қалған. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдары сағат 18:00-де жойылып, барлық тұтынушы қайта газға қосылды.
- Апат шығуына газ тарату құбырында мұз кептелуі себеп болған. Нысан Рудный қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің теңгерімінде. Қалпына келтіру жұмыстарын мердігер ұйым мен жергілікті атқарушы органдардың 12 адамы жүргізді, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ ведомство өкілдері нысанның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалының балансында еместігін мәлім етті.