РУДНЫЙ. KAZINFORM - Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологиясында интернет сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылғанын анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторларына жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ олардың атына кемшілікті жою туралы нұсқама енгізілді.
Оны орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.