Сот үкімімен Мақсұт Досполов ҚР ҚК 366-бабы, 3-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның заңсыз жолмен тапқан бар мүлкі тәркіленді.
Досполов қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтейді. Ол сот залында қамауға алынды. Бұрынғы шенеунікпен бірге «Өркен» ЖШС мердігер ұйымының директоры У.Мүсірәлиев те 8 жылға сотталды.
Айта кетейік, Досполов «Пара алу» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Үстіміздегі жылдың 12 мамыры күні сағат 19.00-де Қостанай облыстық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаменті Рудный қаласы әкімінің орынбасарын 15 млн теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде ұстады. Параны «Өркен» ЖШС мердігер ұйымына жақтаушылық жасау мақсатында алғаны анықталды.