РУДНЫЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында ауладағы ойын алаңдарының бірінен баланың денесі табылғаны туралы ақпаратты Қостанай облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оқиға тіркеуге алынды. Тексеру жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп департаменттің баспасөз қызметі әзірге қысқаша жауап берді.
Жергілікті iagorod.kz сайтының хабарлауынша, 2009 жылғы баланың денесі бүгін күндіз Качарская көшесіндегі аулалардың бірінен табылған. Дененің турникте салбырап тұрғаны айтылады. Ақпарат құралында жазылғандай, бала жіппен ойнап жүріп, абайсызда қайғылы жағдайға ұшырған болуы мүмкін.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.