Оқиға бүгін сағат 14:30 шамасында болған.
«Полицияға Рудный қаласындағы ТВС ғимаратының 4-қабатында скотчпен оралған белгісіз қораптың табылғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полицейлер мен барлық мүдделі органдардың қызметкерлері жұмылдырылды. Ғимараттағы адамдар оқшау аймаққа көшірілді. Нысан қоршауға алынды»,- делінген ведомство хабарламасында.
Полиция қызметкерлерінің жедел іс-шаралары барысында 28 жастағы күдікті ұсталған. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 273-бабымен тергеу шаралары басталды.