Рудный тұрғынына лаңкестікті насихаттаған деген айып тағылды
16:21, 16 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай қаласындағы № 2 сотта ҚР ҚК-нің 256 бабымен («Лаңкестікті насихаттау») айыпталып отырған Рудный қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарау басталды.
«Айыптау актісіне сәйкес сотталушы ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдаланып, лаңкестік сипаттағы идеяларды таратқан. Аталған баптың санкциясы мүлкін тәркілеумен бірге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.