Рудныйда 28 жастағы жігіттің денесіне 100 келі жүк байлап, суға батырған

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бір айдан бері із-түзсіз жоғалып, іздеу салынған Рудный тұрғыны судан табылды. Полиция қызметкерлері қылмыстың кейбір мән-жайын ашты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың8 маусымында Рудный қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын келіп, баласының бірнеше күн бұрын жоғалып,хабарсыз кеткенін айтқан.

Қылмысты ашуүшін Рудный қаласының полиция департаменті мен полиция басқармасының тәжірибелі мамандарынанжасақталған жедел тергеутобы құрылды. Тергеу барысы Рудный қаласы прокуратурасының бақылауына алынды.

«Полицияқалада және қала сыртында жедел тергеу барысында Рудный қаласының 20 және 29 жастағы екі тұрғынын қолға түсірді. Екеуі дебұған дейін бірнеше рет сотталған. Оның ішінде ауыр қылмыс жасағаны үшін дежауапқа тартылған. Күдіктілердің бірі облыстан қашып бара жатқанда ұсталды. Соңынан айғақтар мен дәлелдердің күшімен күдіктілер қылмысын мойындап, ерадаммен сөзге келіп қалғандықтан өлтіргенін және мәйітті қаладан 200 шақырымжерде суға батырғанынайтты», - деп мәлім етті полиция өкілі.

Күдіктілердіңжауабын тексеру арқылы мәйіт 16 шілде күні Ұзынкөл ауданының Алабұға өзенінен табылды.Денесінде көптеген жарақаттар бар. Сондай-ақ, мәйітке 100келі жүк байланған. Күдіктілердің бірі осы жердің тумасы болғандықтан, өңірдіжақсы білген.


Автор: Жанна Мұсабаева