Кеше Рудный қалалық ІІБ кезекші бөліміне 41 жастағы әйел қоңырау шалып, қызын белгісіз ер адамның зорлап кеткенін айтады.
«Полицейлер осы іске байланысты 65 жастағы зейнеткерді күдікті есебінде анықтады. Қазіргі уақытта жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженар «ҚазАқпарта» ХАА тілшісіне.
Бұл факт бойынша ҚР ҚК 124-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.