Тізерлеп тұрған мәйіттің суреті әлеуметтік желілерде тараған. Жан түршігерлік оқиғаға жергілікті колледж студенттері куә болған. Ер адамның колледжге қарама-қарсы бұтаның арасында асылып қалғаны анықталды.
«21 қыркүйек күні 13.08-де Рудный қаласындағы Мир көшесінде колледжге қарама-қарсы бұталардың арасынан 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өлімнің алдын ала себебі – өз-өзіне қол жұмсау», - делінген полиция ақпаратында.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалған. Мүрденің езіліп кеткені белгілі болды.