Оқиға 6 қыркүйекте Рудный қаласында болған. Ақпаратты облыстық прокуратура қызметкерлері бүгін растады. Оқыс жайт түнгі бірлер шамасында болады. 42 жастағы әйел 40 жастағы інісімен спирттік ішімдік ішкен. Екеуінің арасында кикілжің туындап, әйел өз бауырының қарын тұсына пышақ сұғып алады. Ауыр жараланған ер адам Рудный қалалық ауруханасында стационарлық ем қабылдап жатыр.
Айыпталушы ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағына сәйкес күдікке ілінді. Ол бұл қылмысы үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.