Рудныйда бірге тұратын әйелді зорлықпен өлтірген күдікті ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйдағы кісі өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 21 сәуірде Рудныйда болған.

«Сағат 12:17-де Рудныйдағы жеке тұрғын үйлердің бірінен зорлықпен өлтірілген 1967 жылы туған әйелдің денесі табылды. Жедел-із кесу шаралары барысында 1973 жылы туған ер адам ұсталды. Оның жәбірленушімен бірге тұрғаны анықталған. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іске қатысты ҚР ҚК 99-бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: vkpress.ru