Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысып, енді рудныйлықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген ынталарының артатынын тілге тиек етті. Спорт ғимаратының жалпы көлемі 2 мың шаршы метрден асады. Бұл жерде паркет төселген мини-футбол залынан басқа, волейбол мен баскетбол, үлкен және үстел теннис ойындарына арналған алаңдар салынған.
«Жанкүйерлер үшін 400 орындық мінбер жасалды, - деп айтылады хабарламада. - Спортшыларға душы бар 4 киім ауыстыру бөлмесі, массаж кабинеті қарастырылған».
Спорт кешенінің ашылуында мини-футболдан Қазақстан жоғары лигасы чемпионаты өтіп, рудныйлық «Аят» және спортқа жаңадан аяқ басқан шымкенттік-біріншілік «балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв орта мектебі» ойын көрсетті.