Осы мәселеге қатысты таратылған мәліметтерге қарағанда, 28 жастағы жігіт ауыр халде жергілікті ауруханаға жеткізілген.
«Ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Осы дерек бойынша «Адам өлтіру» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Пышақ салған адамға іздеу салынды», - деп мәлімдеді ІІД өкілдері.
15:18, 10 Шілде 2018
Рудныйда пышақталған 28 жастағы жігіт ауруханада қайтыс болды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйдың 28 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Облыстық ІІД осы факті бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.