Рудныйда жарылғыш туралы жалған хабар беруші ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында лаңкестік туралы жалған хабар берді деп күдіктелген ер адам ұсталды. Оның жалған ақпаратынан Ленин көшесіндегі 70-тұрғын үйдің барлық тұрғындарын көшіруге тура келген.

«Рудный қалалық соты ҚР ҚК-нің 273 бабында (терроризм актісі туралы көріне жалған хабарлау) қарастырылған қылмысты жасауға күдікті азамат А.-ны 2 айға қамауға алуға санкция берді», - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Іс материалы бойынша, «2016 жылы 4 қыркүйекте ҚР ҚК-нің 128 бабы бойынша 2 қыркүйекте 21:00-22:30 аралығында терроризм актісі туралы жалған хабар беруге қатысты күдікті ұсталды».

Хабар келіп түскен соң тұрғындарды көшіру 4 қыркүйек күні кешкі 10-нан 5 қыркүйек 17:00-ге дейін жалғасты.

Хабарламада бұл құқық бұзушылықтың ауыр қылмыс түріне жататыны айтылған. Қылмыстық бап санкциясы қылмыскерге 6 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгілейді.