Рудныйда жекеменшік тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде ер адамның мүрдесі анықталды

None
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Рудный қаласында 9 қазан күні сағат 05:14-те жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Өрт сағат 08:00-де сөндірілді. Онымен күреске Қостанай облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

 Өртті сөндіру кезінде 40 жастағы ер адамның мәйіті анықталды.