«16 қыркүйекте кәмелет жасына толмаған бала мектептен шығып кетіп, үйіне оралмаған. Осы уақытқа дейін ол Рудный қаласы гараж кооперативтерінің бірінде болған. Қазіргі уақытта оқушы анасына қайтарылды»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Бұған дейін жазғанымыздай, Рудный қаласының полицейлері 16 қыркүйек күні жоғалып кеткен оқушыға іздеу салған болатын.