Көлік оқиға бүгін сағат 19.00 шамасында Ленин және Марите көшелерінің қиылысында болды. Жітіқарадан келе жатқан микроавтобус жол қиылысындағы BMW автокөлігіне соғылды.
«Көлік оқиғасы салдарынан микроавтобустағы 1993 жылы туған жолаушы көз жұмды. Көлік ішіндегі тағы 10 адам және жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті», - деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь
Қазір апат орнында жергілікті полиция жұмыс істеп жатыр.