Оқиға, 29 сәуір күні Рудный қаласында болды. Жітіқара кентінен келе жатқан микроавтобус жол қиылысындағы BMW автокөлігіне соғылды. Көлік оқиғасы салдарынан микроавтобустағы 1993 жылы туған жолаушы көз жұмды. Көлік ішіндегі тағы 10 адам және жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түскен болатын.
«Рудный қалалық сотының шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай көлемінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар 3 жылға көлік жүргізу құқығынан шеттетілді», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Сотталушы қаза болған жігіттің отбасына 1,5 млн теңге материалдық шығын өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
20:55, 26 Қазан 2018
Рудныйда жолаушының өліміне кінәлі автобус жүргізушісі сотталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда 25 жастағы ер адамның өліміне кінәлі автобус жүргізушісі 2,6 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.