Рудныйда жүк көлігі локомотивпен соқтығысып қалды

АСТАНА. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Рудный қаласында «БелАЗ» машинасы №052 локомотивен соқтығысып қалды,

 деп   хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оқиға   жұма күні сағат 01.10-да   №174   теміржол өткелінде  орын алды. Жүк көлігінің  57 жастағы жүргізушісі оқиға салдарынан   көз жұмды.