«Балалар өлімінің себебін сарапшылар анықтайды. Токсикологиялық сараптама тағайындалды. Улы заттардан улануы да мүмкін. Қазірдің өзінде қажетті материалдар алынды. Токсикологиялық сараптаманың нәтижесі 12-14 күннен кейін дайын болады», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бұған дейін хабарланғандай, Рудныйда алты жасар екі бала ауруханадан шыққан күннің кешінде қайтыс болған.
Кейін оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті түсінік берді.