Бұл ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады. Жарақат алғандардың барлығы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі - рудныйлық. Біреуі Қостанайда тұрады.
"Кеуде тұсы жарақаттанған 32 жастағы қостанайлық дəрігер қарауынан соң үйіне жіберілді. Ал 60 жəне 47 жастағы əйелдердің жағдайы ауыр. Олар түрлі дене жарақаттарымен жан сақтау бөліміне көшірілді", - деп мәлім етті қалалық аурухана дəрігері Вячеслав Шелубаев.
Сондай-ақ, 27 жастағы ер адам да ауруханада жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты.
18:53, 27 Қазан 2017
Рудныйдағы жол апатында 4 адам зардап шекті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай-Рудный тасжолында болған ірі жол-көлік оқиғасынан соң төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.