Рухани келісім күні аясында елордалық 500 ардагерге сыйлық беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

«Меніңше, бұл конференцияны бостан-бос өткізіп отырған жоқпыз. Осы конференциямызға ат басын бұрған мыңдаған адамдар шетелдерде өздерінің ұйымдарына басшылық жасайды. Яғни, біз осы жерде талқылаған мәселерді олар елдеріне апарып, әлемнің басқа да мемлекеттерінің мыңдаған азаматына таратады», - деді конференция ашылуы қарсаңында ұйымдастырылған брифингте ұйымдастыру комитетінің төрағасы Төлеген Мұхамеджанов.

Оның атап өтуінше, конференция барысында бейбітшілік пен келісім, ядролық қауіпсіздік, діни лаңкестік пен экстремизм сынды өзекті мәселелерге қатысты проблемалар талқыға түсетін болады.

Шараға Аргентина, Австрия, Германия, Грузия, Ливан, Израиль, Үндістан, Иран, Испания, АҚШ, Украина, Ресей, Франция сынды елдердің қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, Қазақстан халқы Ассамбелясының мүшелері қатысуда.

Айта кетерлігі, ертең рухани келісім күніаясында «Мерекелік сый-сияпат» шарасы ұйымдастырылып, елордада еріктілер 500 соғыс және еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, тарту-таралғы сыйлайды.