"Осы мерекеге орай республиканың түкпір-түкпірінде дөңгелек үстелдер, конференциялар, одан бөлек діндар адамдар өздерінің шіркеулерінде бұл мәселеге байланысты кездесулер өткізеді", - деді Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Талдау жұмысы бөлімінің басшысы Азамат Жетпісбаев.
Қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қойып, қайырымдылық пен көмекке шақыратын, сыйластық пен бірлікті арттыратын мерекенің маңызы жыл сайын артып келеді. Тіпті, өзге дін өкілдері де Рухани келісім күнін асыға күтетін көрінеді.
Қазақстан - тәуелсіз, зайырлы және демократиялық мемлекет. Десе де, өзара ынтымақтастықты күшейтуге негізделген жиындар көптеп ұйымдастырылады. Олардың бірегейі - 2003 жылдан бері өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезі. Сьезд зорлық-зомбылық, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмаудың алдын алуға зор ықпал етіп келеді.