Рухани келісім күнінің тарихы мен бүгінгі маңызы талқыланды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — 16 қазанда Жезқазған қаласындағы Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – қоғамдық бірліктің негізі» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел өтті.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев, діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың өкілдері және құрметті қонақ – «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының президенті, композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов қатысты.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Рухани келісім күні идеясының авторы Төлеген Мұхамеджанов атаулы күннің қалыптасу тарихы мен маңызына кеңінен тоқталып, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөлін атап өтті.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Кездесуде жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаттары, конфессияаралық келісім және 7 қазанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысының қорытындылары талқыланды.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Сондай-ақ Ұлытау облысы Діни бірлестіктер клубының жұмысы таныстырылды. Клуб аясында түрлі конфессия өкілдерінің қатысуымен бірлескен кездесулер, тимбилдингтер, ұлттық ойындар және қазақ тілін үйрену курстары ұйымдастырылып келеді.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Іс-шара соңында діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың өкілдеріне облыс әкімінің атынан құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.