Рухани жаңғыру: Ақмолада 55 ескерткіш QR-код арқылы цифрландырылды
Қазіргі кезде, өңірде «Ескерткіштер сыр шертеді» акциясы және қазіргі заманғы технология - QR-кодтардың көмегімен өңірдегі киелі нысандар туралы ақпаратты цифрландыру бойынша пилоттық жоба ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Аталмыш жоба шеңберінде өңірдегі 55 ескерткіш QR-код арқылы цифрландырылды.
Олардың арасында Бурабай кентіндегі Абылай хан алаңы, Ерейментау ауданында XVIII ғасырда өмір сүрген қолбасшы Бөгенбай батыр ескерткіші, Атбасар ауданындағы танымал жазушы Ілияс Есенберлин ескерткіші, Көкшетау қаласындағы Абылай хан, Ақан сері, Біржан сал, Ұлы Отан соғысының батырлары Талғат Бигелдинов пен Мәлік Ғабдуллин ескерткіштері және Көкшетау қалалық мұражайы сияқты нысандар бар.