Айта кетсек, бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы онлайн форматта өткізілген болатын.
Отырыс барысында Мемлекеттік хатшы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2020 жылы 216 ауылға 98,0 млрд теңге бөлініп, 920 жоба іске асырылып жатқанын мәлім етті.
Аталған қаражат көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыттары бойынша жүзеге асуда.
Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша өңірлер 57,1 млрд теңгені игеріп, 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылған, 187 жобаны іске асыру аяқталған.
Сонымен бірге отырыста Ауыл шаруашылығы министрлігінен «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында іріктеліп алынған ауылдық елді мекендерде «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компанияларының есебінен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 қыркүйекке дейін 7 477 млн теңгеге 1128 жобаны қаржыландырылып, 1691 жұмыс орны құрылғаны хабарланды. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 3 жылдың ішінде 12 мың меценат тартылған.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың 3 жылында демеушілік қаражат есебінен 2 621 нысан салынды, 2 142 нысан реконструкцияланды. Осы жобаларды іске асыруға республика бойынша 12 мыңнан астам меценат қатысты.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында бағдарлама аясында 228 нысан бой көтерген. Оның ішінде 2 мектеп, 2 балабақша, 19 мәдениет нысаны, 36 спорт алаңы, 31 балалар алаңы салынған. Сондай-ақ, 129 нысан реконструкцияланған.
Оның ішінде 28 мектеп, 5 балабақша, 13 мәдениет нысаны, 14 спорт алаңы, 68 аз қамтылған отбасыларға арналған үйлер, пәтерлер, 1 медициналық мекеме, 5 балалар алаңы салынған.
Демеушілік қаражат есебінен барлығы 1437 іс-шара өткізілген.