«Қазақстандық профессорлар мен қоғам қайраткерлері «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында тегін лекциялар өткізеді. Негізгі тақырып ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары таңдап алынды. Тегін дәрістер әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері, сағат 9:00-де «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтеді. Лекциялар тарих, дәстүр, дінтану, жаһандану тақырыптарына негізделіп, сонымен қатар азаматтардың өзін-өзі үздіксіз дамытуы мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған», - делінген қала әкімдігінің ақпаратында.
Шара елордалық Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында өтуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинарлар кезінде халықтың барлық тобын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатыстыру үшін ғылыми-әдістемелік және консультативтік қолдау көрсетіледі. «Ақпараттық-түсіндірме жұмысымен халықтың барлық тобын, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, білім, спорт, мәдниет, жастар саласы мен ҮЕҰ қамту көзделіп отыр. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады», - деді ведомстводан.