Рұқсат етілмеген жерге бетон төккен жүргізуші 40 мың теңгеден артық айыппұл төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «Камаз» көлігінен рұқсат етілмеген жерге бетон төгу фактісін тіркеді.

Жүргізуші қалған материалды Байтұрсынов көшесіндегі құрылыс нысанының аумағына төгіп отырған.

30 жасар «КАМАЗ» жүргізушісіне қатысты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 20 АЕК мөлшерінде (42420 теңге) айыппұл салындыі. Сонымен қатар, тәртіп бұзушымен бұдан былай осы сияқты фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 8 айында Астана қаласының Жергілікті полиция қызметімен ӘҚБК 505-бабы «Абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге төккені, қала аумағын ластағаны үшін 66 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үш миллион теңгеден артық айыппұл төледі, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.