Рұқсат мерзімі өткен қаруды 10 шілдеге дейін алып жүруге болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда рұқсат мерзімі өткен қаруды сақтауға және алып жүруге 10 шілдеге дейін рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, төтенше жағдай кезінде қаруды сақтауға және алып жүруге берілген рұқсат мерзімі өткен азаматтық қару иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 486-бабына сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

«Сол күнге дейін бұл құжатты ұзартуға болады. Бұл ереже көлік жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған жүргізушілерге де қатысты. Электрондық цифрлық қолтаңбамен Egov электрондық үкіметтің порталы арқылы құжаттарды алмастыруға болады»,– деп толықтырды полициядан.